ТОО Shonbay Inc.

Shonbay Inc. компаниясы жан-жақты даму курсттары арқылы бизнес мамандарын дайындайды. Компанияда Shonbay Online University – Қазақстандағы тұңғыш онлайн университет және Shonbay Business School - қазақ тіліндегі тұңғыш  бизнес мектеп жұмыс жасауда.

Shonbay Inc. негізін қалаушысы - танымал кәсіпкер, «Екінші болма» бестселлерінің, «Бізге айтылмаған ҚҰПИЯ» кітабының авторы Қуаныш Шонбай.

Директоры - инфобизнесмен, еліміздің ең үздік спикерлерінің продюссері, кәсіпкер, маркетолог Мейірбек Бердібайұлы.

Shonbay Online University мен Shonbay Business School-да осы уақытқа дейін 63 000-ға жуық студент қазақ тілінде сапалы білім алды. Жан-жақты тұлғалық даму курстарын елімізге белгілі өз саласының шеберлері жүргізеді.

Shonbay Inc. ұжымында 50-ге жуық әр саланың нағыз мамандары жұмыс істейді. 

Егер сіз де өз салаңыздың шебері болсаңыз, проактивті ұжымда қызмет атқарып әрі бізбен бірге жан-жақты дамуды қаласаңыз, өз түйіндемеңізді жолдаңыз! Түйіндемеңізде толық әрі нақты ақпарат қамту арқылы бір-бірімізге көмек көрсетейік!

Өзіңді басқалармен салыстырудың қажеті жоқ - сен ерекшесін! Ең дұрыс бағыт: бұрыңғы өзіңнен өсіп, бүгінгі СЕН кешегі өзіңе қарсы қойып салыстыр. Табыста тұрақтылық болмайды — әрқашан қозғалыста болуың керек.

Өзіңді Shonbay Inc.-пен бірге дамыт! Біздің командамызға қосыл!

Алматы
Город
Образовательные учреждения
Сферы деятельности
Организация
Тип регистрации
Сейчас вакансий нет
Подпишитесь на них — напишем, когда появятся